Түркияда eSIM-ді iPhone (iPad) құрылғысынан қалай белсендіруге болады?

Түркияда eSIM-ді iPhone (iPad) құрылғысынан қалай белсендіруге болады?

Түркияда сатылатын кейбір iPhone және iPad құрылғыларында eSIM функциясы әдепкі бойынша өшірулі болады.

Құрылғыны 2020 жылдың 23 маусымынан кейін сатып алып, белсендірген болсаңыз, eSIM бапталған соң белсендіріледі — әрі қарай берілген нұсқаулықтарды орындаудың қажеті жоқ. eSIM қосылмаған болса, мобильді байланыс операторына хабарласыңыз. 

Төменде келтірілген нұсқаулықтар 2020 жылдың 23 маусымына дейін сатып алынған құрылғылардағы eSIM карталарын белсендіруге көмектеседі. Келесі процедураларды орындау үшін, құрылғы баптауларын бастапқы қалпына келтіру керек, сондықтан алдымен сақтық көшірме жасаңыз.

  1. Құрылғының резервті көшірмесін жасаңыз. Кейін iOS (iPadOS) құрылғысын соңғы нұсқаға дейін жаңартыңыз. 
  2. Баптаулар > Негізгі > Тасымалдау және қалпына келтіру тармағын басыңыз.
  3. Контентті және баптауларды жою түймесін басыңыз
  4. Сұралған кезде Apple ID құпиясөзін және кіру кодын енгізіңіз. Содан кейін құрылғы деректерінің жойылуын растаңыз.
  5. Жойып болған соң, iPhone (iPad) деректерін сақтық көшірмеден қалпына келтіріңіз.

Осыдан кейін iPhone (iPad) құрылғысына eSIM картасын орнатуға болады. 

Түркияның заңнамасына сәйкес роумингте мобильді деректерді 91 күннен ұзақ уақыт (жинақталғанда) пайдалану үшін, құрылғының IMEI нөмірі Түркияның құрылғыны идентификациялау реестрінде (CEIR) тіркелуі тиіс. Толық ақпарат алу үшін CEIR орталығына хабарласыңыз.

Сұрақтарыңыз болса, қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз.

Дереккөз: https://support.apple.com/en-us/HT211023.

Ұқсас сұрақтар

Басқа тақырыптар

Көмек қажет пе?

Бізге хабарласыңыз да, қысқа уақыт ішінде қолдау көрсету орталығының жауабын алыңыз.
Бізге хабар жіберу
© 2024, Airalo