Airalo адалдық бағдарламасы деген не?

Airalo веб-сайтына кірген кезде, ұзақ уақыт жүктеліп тұрып қалатын мәселе жиі болып жатыр ма? Бұл сізге жағымсыз болуы мүмкін екенін түсінеміз және біз қол ұшын беруге дайынбыз.  Кіру кезіндегі кідірістер ыңғайсыздық тудыруы мүмкін, алайда ол аккаунтты қорғауға және сервердің тұрақты жұмыс істеуіне керек. Мақалада айтылған қадамдарды орындау арқылы аккаунтқа кіру кезіндегі кідірістердің алдын алуыңызға болады. Мобильді қолданба: Веб-шолғыш: Кіру бетінде таймер пайда болса, не істеуге болады:
  1. Кері санақ аяқталғанша күтіңіз. Жүйеге кірер кезде таймер көрсеңіз, ең дұрысы күте тұрыңыз. Әдетте жүйеге кіру бетінде аккаунтқа қайта кірер алдында неше уақыт күту керектігін көрсететін таймер көрсетіледі. Бұл серверлердің шамадан тыс жүктелуінің алдын алады және аккаунтты қорғайды.
  2. Аккаунт деректерін тексеріңіз. Кері санақты күтіп, аккаунтқа кіру деректерін тексеріңіз. Дұрыс пайдаланушы атын және құпиясөзді енгізгеніңізді тексеріңіз. Кейде жүйеге кіру мәселесін бар болғаны дұрыс ақпаратты енгізу арқылы шешуге болады.
  3. Браузер кешін тазалаңыз және cookie файлдарын жойыңыз. Кейде жүйеге кіруге браузер кеширлеген деректер бөгет болуы мүмкін — бұндай жағдайда кешті тазалау және браузердің cookie файлдарын жою көмектесуі мүмкін. Бұны қалай істеу керектігі браузерге байланысты, сондықтан нақты нұсқаулдықтар алу үшін браузердің анықтамалық құжаттарына жүгініңіз.
  4. Басқа браузерді немесе басқа құрылғыны пайдаланыңыз. Егер кіру кезінде күту мәселесі шешілмесе, басқа веб-браузерді немесе басқа құрылғыны пайдаланып көріңіз. Бұл мәселеңіз қазір не пайдаланып жатқаныңызбен байланысы бар-жоғын анықтауға көмектесе алады.
  5. Қолдау қызметіне хабарласыңыз. Егер ұсынылған әрекеттерді орындасаңыз да, кері санақ аяқталғанда аккаунтқа кіре алмасаңыз, қолдау қызметіне хабарласыңыз. Мәселені қарастырып, сізге көмектесуге тырысамыз.
Жүйеге кіру кезіндегі таймердің пайда болуының алдын алу бойынша кеңестер: Келесі кеңестерді назарыңызға алыңыз:
  1. Сенімді құпиясөздер пайдаланыңыз. Сенімді әрі бірегей құпиясыз ойлап табыңыз. Оңай болжап білуге болатын ақпараттарды пайдаланбаңыз.
  2. Құпиясөздер менеджері. Құпиясөздер менеджерін аккаунтқа кіру деректерін қауіпсіз түрде сақтау және оларды басқару үшін пайдаланыңыз.
  3. Жүйеге кіру талпынысының санына шектеу қойыңыз. Жүйеге қатарынан бірнеше рет кіруге тырыспаңыз. Құпиясөзді ұмытып қалсаңыз, оны Құпиясөзді ұмыттым функциясы арқылы қалпына келтіріңіз.
  4. Қолданбаны немесе браузерді үнемі жаңартып отырыңыз. Жаңарту аккаунтқа кіру мәселесінің алдын алуға көмектеседі.
Сұрақтарыңыз болса, қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз — қуана-қуана көмектесеміз!

Ұқсас сұрақтар

Басқа тақырыптар

Көмек қажет пе?

Бізге хабарласыңыз да, қысқа уақыт ішінде қолдау көрсету орталығының жауабын алыңыз.
Бізге хабар жіберу
© 2021, Airalo
  • x