iOS құрылғысында трафикті қалай үнемдеуге болады?

«Деректерді үнемдеу» режимін қосу

iOS 13 және одан кейінге нұсқадағы iOS құрылғыларының пайдаланушылары мобильді трафик шығынын азайтатын «Деректерді үнемдеу» режимін қоса алады. Бұл режим ұйлы байланыс және Wi-Fi үшін жұмыс істейді (шектеулерді бөлек-бөлек орнатуға болады).

«Деректерді үнемдеу» режимін қосу үшін, төмендегі нұсқауларды орындаңыз. Бұл режимнің баптаулары байланыс операторында басқа болуы мүмкін екенін ескеріңіз.

  1. Баптаулар бөліміне өтіп, Ұялы байланыс тармағын басыңыз.
  2. Керекті SIM картасын басыңыз.
  3. Деректер параметрі түймесін басыңыз.
  4. Деректерді үнемдеу түймесін басыңыз.

Wi-Fi Assist және iCloud сақтық көшірмесін өшіру

«Wi-Fi көмекшісі» мен iCloud сақтық көшірмелеу функциялары әдепкі бойынша қосулы болуы мүмкін. Wi-Fi жылдамлығы төмен болғанда iOS құрылғысы Интернетке қосулы болғанын қаламасаңыз, «Wi-Fi көмекшісі» функциясын өшіруге болады. Сондай-ақ iCloud сақтық көшірмелеуді өшіру трафикті пайдалануды азайтуға көмектеседі.

  1. Баптаулар бөліміне өтіп, Ұялы байланыс тармағын басыңыз.
  2. Wi-Fi көмекшісі және iCloud сақтық көшірмесі функциясын тауып, өшіріңіз.

Сұрақтарыңыз болса, қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз — қуана-қуана көмектесеміз!

Ұқсас сұрақтар

Басқа тақырыптар

Көмек қажет пе?

Бізге хабарласыңыз да, қысқа уақыт ішінде қолдау көрсету орталығының жауабын алыңыз.
Бізге хабар жіберу
© 2021, Airalo
  • x