Airalo

Airalo басты бетіне бағыттайды.

Қатысты мақалаларды қараңыз

eSIM трафик қолданысын қалай оңтайландыруға болады?

Трафик шығыны толықтай құрылғы параметрлеріне және пайдалану әдетіне байланысты.

eSIM трафигі тым тез шығындалып жатқанын байқасаңыз, бұл нұсқаулық құрылғыңыздың трафик шығынын оңтайландыруға көмектеседі.

Мобильді трафик шығынын қалай тексеруге болады?

Құрылғыңызда қай қолданбаның ең көп трафик пайдаланып жатқанын әдетте құрылғы параметрлерінен көруге болады.

iOS құрылғыларында трафикті шығынын қалай тексеруге және оған шектеу қоюға болады?

iOS құрылғыларында трафик шығынын тексеруге болады, сондай-ақ параметрлерден кейбір қолданбалар үшін трафикті пайдалануды өшіріп қоюға болады.

  1. «Параметрлер > Ұялы байланыс» тармағына өтіңіз.
  2. Белсенді eSIM үшін «… ұялы трафигі» деп белгіленген бөлімге дейін айналдырыңыз.
  3. Қай қолданбаның ең көп трафик жаратып жатқанын тексеріңіз.
  4. Қолданбалар үшін қажетінше мобильді трафикті өшіріңіз.

Samsung құрылғыларында трафик шығынын қалай тексеруге болады?

Samsung құрылғыларындағы трафик шығынын параметрлер бөлімінен тексеруге болады.

  1. Параметрлер > Қосылымдар > Трафик шығыны тармағына өтіңіз.
  2. Белсенді eSIM-ге дейін айналдырып, Мобильді трафик шығыны түймесін басыңыз

Басқа Android құрылғыларында трафик шығынын қалай тексеруге болады?

Android құрылғыларындағы трафик шығынын параметрлеріңізден тексеруге болады.

  1. ПАРАМЕТЛЕР тармағына өтіп, ЖЕЛІ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ түймесін басыңыз.
  2. SIM карталары түймесін басып, белсенді eSIM-ді таңдаңыз.
  3. ҚОЛДАНБАНЫҢ ТРАФИК ШЫҒЫНЫ деген жазуды көргенше айналдырып, соған басыңыз.

Құрылғы моделіне қарай нұсқаулар өзгешеленуі мүмкін.

Трафик шығынын қалай азайтуға болады?

Келесі кеңестер трафикті үнемдеп, eSIM жұмысын ұзартады.

  • Құрылғыңызды пайдаланбаған кезде, трафикті өшіріп қойыңыз. Ұялы трафикті тек желіге шығу керек болғанда қосыңыз. Пайдаланбаған кезде оны өшіріп қойсаңыз, фондық режимде трафик шығындалмайтын болады.
  • Мобильді трафикті хотспот арқылы бөліспеңіз. Хотспот арқылы трафикті бөлісетін болсаңыз, мобильді трафик жоспары жұмсалуы мүмкін. Желі қосылымын бөлісетін болсаңыз, трафик әжептеуір шығындалуы мүмкін.
  • Трафикті қатты шығындайтын әрекеттерді шектеңіз. Бейне трансляциялау, презентацияны басқа құрылғылармен бөлісу немесе құжаттарды басып шығару кезінде мобильді трафикті пайдалансаңыз, жоспарыңыз жылдам бітіп қалуы мүмкін. Бұл үшін мүмкіндігінше Wi-Fi желілерін пайдалануға тырысыңыз.
  • Деректерді қысу функциясы бар браузерді пайдаланыңыз. Google Chrome және Opera Mini сияқты браузерлер мазмұнды телефоныңызға жіберер алдында оларды қысып, трафик шығынын тиісінше 50% және 90%-ға дейін азайтуы мүмкін.
  • Мазмұнды офлайн жүктеп алыңыз. Google Maps, Netflix немесе YouTube сияқты қолданбалар үшін карталарды, киноларды және музыканы Wi-Fi желісі арқылы жүктеп алу опциясын пайдаланыңыз. Осылайша оларға мобильді трафикті пайдаланбай-ақ желіден тыс қол жеткізуге болады.
  • Аккаунтты синхрондауды өшіріңіз. Google немесе Facebook сияқты қолданбалар үшін автоматты синхрондау функциясы трафикті бостан-босқа шығындауы мүмкін. Тұрақты түрде синхрондаудың қажеті жоқ қолданбалар үшін бұл функцияны өшіріп қойыңыз.

iOS құрылғыларындағы трафик шығынын қалай азайтуға болады?

  • Wi-Fi көмекшісін өшіріңіз. Бұл функция Wi-Fi қосылымы нашар болғанда, автоматты түрде ұялы трафикке ауыстырады. Ыңғайлы болғанына қарамастан, ол трафикті күтпеген жерден жаратуы мүмкін. Оны өшіру үшін:
    • Баптаулар > Ұялы байланыс (немесе Ұялы деректер бөліміне өтіңіз) бөліміне өтіңіз.
    • Төмен қарай айналдырып, Wi-Fi көмекшісі функциясын өшіріңіз.
  • Автоматты қолданба жаңартуларын өшіріңіз. Қолданба және жүйе жаңартулары біршама трафик пайдалануы мүмкін. Құрылғыңыздан жаңартуларды тек Wi-Fi арқылы жүктеп алатын етіп орнатыңыз.
    • Параметрлер > Қолданбалар > App Store бөліміне өтіп, автоматты жүктеп алу үшін Ұялы байланыс опциясын өшіріңіз.
  • iCloud Drive параметрлерін реттеңіз. iCloud Drive мобильді трафикті пайдаланатындай етіп орнатсаңыз, ол файлдарды синхрондау үшін біршама трафик жұмасауы мүмкін. Оны өшіру үшін:
    • Параметрлер > Ұялы байланыс (немесе Мобильді трафик бөліміне өтіңіз) бөліміне өтіңіз.
    • Төмен қарай айналдырып, iCloud Drive опциясын өшіріңіз.
  • Фотосуретті синхрондайтын қолданбалар үшін мобильді трафикті өшіріңіз. iCloud Photos немесе Google Photos фотосуреттеріңіз бен бейнелеріңізді автоматты түрде синхрондап, біршама трафик жұмсауы мүмкін. Осы қолданбалар үшін трафикті пайдалануды өшіру үшін:
    • «Параметрлер > Қолданбалар» бөліміне өтіңіз.
    • Қолданба белгішесін басыңыз (мысалы, iCloud немесе Фотосуреттер).
    • Сол қолданба үшін Мобильді трафик опциясын өшіріңіз.

Android құрылғыларында трафик шығынын қалай азайтуға болады?

  • Фонда трафикті пайдалану мүмкіндігін өшіріңіз. Қолданбалардың көбісі хабарландырулар жіберу, жаңартулар алу немесе ақпаратты синхрондау үшін фондық режимде трафик пайдаланады. Осы опцияны өшіре отырып, біршама трафик үнемдеуге болады.
  • Автоматты қолданба жаңартуларын өшіріңіз. iOS құрылғыларындағыдай қолданбаларды мобильді трафик арқылы автоматты жаңарту трафикті өте көп жаратуы мүмкін.
    • Google Play Store қолданбасын ашыңыз.
    • Параметрлер > Желі параметрлері > Қолданбаларды автоматты жаңарту бөліміне өтіңіз.
    • Тек Wi-Fi арқылы опциясын таңдаңыз.
  • Трафикті пайдалану шегін орнатыңыз. Android трафик лимитін орнатуға мүмкіндік береді. Осы лимитке жете қойғанда, мобильді трафик қосымша төлемдердің алдын алу мақсатында автоматты түрде өшіріледі.
    • Параметрлер > Трафик шығыны тармағында трафикті пайдалану ескертуін және трафик лимитін реттеуіңізге болады.

Осы кеңестер трафиктерді тиімді пайдалануыңызға көмектеседі деп үміттенеміз. Қосымша көмек керек болса, қолдау көрсету тобы көмек көрсетуге дайын. Біз тәулік бойы жұмыс істейміз және көмектесуге дайынбыз.

Колонтитул