Airalo

Airalo басты бетіне бағыттайды.

Қатысты мақалаларды қараңыз

Қалай eSIM арқылы қоңырау шалуға және мәтіндік хабар жіберуге болады?

Airalo ұсынатын кейбір eSIM-дерде қоңырау шалу және мәтіндік хабар (SMS) жазу мүмкіндігі бар. eSIM арқылы қоңырау шалу және мәтіндік хабар жазу кезінде мәселе туындаса, оған екі себеп бар.

eSIM-де қоңырау шалу және мәтіндік хабар жазу мүмкіндігі бар ма?

Airalo қоңырау шалу және мәтіндік хабарлар жіберу мүмкіндігі бар eSIM-дер ұсынғанымен, көбінесе олар мобильді трафиксіз жүреді.

eSIM қоңырау шалып, мәтіндік хабар жіберіп-жібере алмайтынын қосымша ақпараттар бөліміндегі «Жоспар түрі» тармағынан көре аласыз.

«Трафик, дауыс және мәтін» жоспарларына қоңыраулар мен мәтіндік хабарлар кіреді. «Тек трафик» жоспарларына қоңыраулар мен мәтіндік хабарлар кірмейді.

eSIM жоспарында қоңыраулар мен мәтіндік хабарлар бар-жоғын қайдан көруге болады?

eSIM сатып алар алдында, төлем жасау бетінде қосымша ақпарат көрсетілетін болады. 

eSIM сатып алған соң, «eSIM-дерім» бөліміне өтіп, тиісті eSIM-ді таңдаңыз (қосымша ақпаратты «Қосымша деректерді көрсету» бөлімінен көресіз).

Тек мобильді трафигі бар eSIM арқылы қоңырау шалу үшін хабар алмасу қолданбаларын пайдалануға бола ма?

Тек мобильді трафигі бар eSIM арқылы қоңырау шалу үшін WhatsApp, Telegram және Signal сияқты хабар алмасу қолданбаларын пайдалануыңызға болады — бұл қолданбалар негізінен тек мобильді трафик пайдаланады.

Қоңырау шалу және мәтіндік хабар жіберу жоспары бар eSIM неге жұмыс істемей тұр?

eSIM-де қоңырау шалу және мәтіндік хабар жіберу жоспары болып, қоңырау немесе мәтіндік хабар жібере/қабылдай алмай жатсаңыз, мына әрекекттерді орындаңыз:

1. eSIM орнатылғанын тексеріңіз: оны құрылғы параметрлерінен көруге болады.
2. Қоңырау шалу және мәтіндік хабар жіберу үшін өз eSIM-іңіз таңдалғанын тексеріңіз — орнату нұсқаулығындағы қадамдарды орындаңыз.
3. eSIM желімен қамту аймағында екенін тексеріңіз — eSIM-іңіз тек осы жерде жұмыс істейді.

Жоғарыдағылардың барлығын орындап болсаңыз, eSIM желісін қолмен таңдап көріңіз. eSIM-іңіз қамту аймағындағы желіге ғана қосылады — кейде ол бірнеше желіге қосылуы мүмкін. Әдетте ол сигналы ең күшті желіні таңдайды, бірақ байқаусызда сигналы әлсіз желіге де қосылып кетуі мүмкін.

eSIM үшін қолжетімді желілер тізімін көру үшін, eSIM деректер бетіне өтіңіз. Құрылғының мобильді желі параметрлерінен дұрыс желіні қолмен таңдау үшін нұсқауларды орындаңыз. Бұл әдітте қоңыраулар мен мәтіндік хабарларға (SMS) қатысты мәселелерді шешуге көмектеседі.

Өзгертулер енгізілген соң мәселе қайталанса, құрылғыңызды өшіріп қосыңыз.

eSIM арқылы қалай халықаралық қоңыраулар шалып, мәтіндік хабарлар жіберуге болады?

eSIM арқылы халықаралық қоңыраулар шалу және мәтіндік хабарлар жіберу үшін міндетті түрде ел кодын енгізу керек — телефон нөмірін қосу белгісімен (+) енгізу қажет.

- Дұрыс: +1 555 123 4567
- Қате: 001 555 123 4567 немесе 0555 123 4567

Аймақ коды нөлден басталса, халықаралық нөмірді тергенде нөлді алып тасаңыз.

- Дұрыс: +30 73 1234 5678
- Қате: +30 073 1234 5678

Discover+ eSIM-іне адамдар қалай қоңырау шала/мәтіндік хабар жібере алады?

Discover+ eSIM нөмірін тергенде, келесі деректерді де енгізу керек:

- Қосу белгісі(+)
- eSIM бойынша ел коды (жалпы «+1»)
- Телефон нөмірі

Ел кодын бөлек өзгертудің/терудің қажеті жоқ. 

Әлі де сұрақтарыңыз болса, қолдау көрсету тобына хабарласыңыз. Қолдау көрсету қызметіміз тәулік бойы жұмыс істейді және әрдайым көмектесуге дайын.

Колонтитул