Кейбір жағдайларда eSIM-ді жаңа құрылғыға тасымалдағыңыз келуі мүмкін, алайда өкінішке орай Airalo компаниясынан сатып алынған eSIM-дерді тек бір құрылғыға орнатуға болады.
eSIM-ді осы құрылғыдан басқа құрылғыға орнатуға болады ма?
Жоқ. Airalo ұсынған eSIM тек бір құрылғыда орнатылады. Орнатылып болған соң, оны басқа құрылғыға тасымалдауға болмайды.
Физикалық түрде шығарып, басқа телефонға салуға болатын дәлтүрлі SIM карталарына қарағанда, eSIM белсендірілген алғашқы құрылғыда цифрлық түрде орнатылып, құлыпталады.
eSIM-де трафик қалып қалды. Оны қалай пайдалануыма болады?
Трафикті ескі құрылғыда пайдалана беруіңізге болады. Жаңа құрылғы қосу керек болса, трафикті ескі құрылғыдан жеке хотспот функциясын қосу арқылы бөлісуге болады.
Ескі құрылғым сынып қалған немесе ол пайдалануға жарамсыз. Не істеуге болады?
Өкінішке орай құрылғыны әрі қарай пайдалана алмасаңың, eSIM және қалған трафик қалпына келтірілмейді немесе тасымалауға келмейді. Бұл жағдайда ең дұрысы — жаңа құрылғыға жаңа eSIM сатып алып, орнату.
Көмек қажет болса немесе eSIM туралы сұрақтарыңыз болса, бізге хабарласыңыз. Біз қуана-қуана көмектесеміз!

