eSIM картасын құрылғыдан қашан жоюға болады?

eSIM картасын құрылғыдан келесі жағдайда қауіпсіз түрде жоюға болады:

eSIM-де белсенді трафик жоқ

  • Airalo компаниясынан сатып алынған eSIM карталарында әрқашан да белсендірілуге дайын трафик пакеті бар. eSIM картасында белсенді (жарамдылық мерзімі аяқталмаған) трафиктің бар-жоғын аккаунттан (қолданбадан немесе Airalo веб-сайтынан) көруге болады. Трафик пакеті әлі белсенді болмаса, eSIM картасын құрылғыдан жоймаңыз.

eSIM картасы енді сізге қажет емес

  • Airalo компаниясының кейбір eSIM карталарын тек бір рет пайдалануға болады: оларды толтыруға болмайды. Мұндай eSIM карталарын пайдаланған соң, жоюға болады. 
  • Қандай да бір eSIM картасын пайдаланбайтын болсаңыз, оны еш уайымсыз жоюыңызға болады.  

Тура сол ел/аймақ үшін жаңа eSIM картаңыз бар

  • Дүкеннен eSIM сатып алған сайын, жаңа eSIM алатын боласыз. Жаңа eSIM картасын міндетті түрде орнату керек болады. Құрылғыда қандай eSIM орнатылғанын шатастырып алмас үшін, орнату процесін жаңадан бастаған жөн. 

eSIM картасын құрылғыдан жою үшін, ұялы (мобильді) байланыс баптауларына өтіңіз де, жою керек eSIM картаға басып, «Ұялы тарифті жою» опциясын таңдаңыз. Құрылғыға байланысты «eSIM картасын жою» немесе «Тарифтік жостарды жою» және соған ұқсас опциялар болуы мүмкін.

iOS құрылғыларынан eSIM-ді жою бойынша толық нұсқаулықты eSIM картасын iOS құрылғысынан қалай жоюға болады? мақаласынан қараңыз.

Сұрақтарыңыз болса, қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз

 

 

 

 

Ұқсас сұрақтар

Басқа тақырыптар

Көмек қажет пе?

Бізге хабарласыңыз да, қысқа уақыт ішінде қолдау көрсету орталығының жауабын алыңыз.
Бізге хабар жіберу
© 2021, Airalo
  • x