Халықаралық «Discover+» eSIM картасы деген не?

Халықаралық «Discover+» eSIM картасы қоңыраулар, SMS және Интернет арқылы әлем бойынша достарыңызбен, жанұяңызбен және әріптестеріңізбен үнемі байланытса болуыңызды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бұл eSIM картасы қайда және қашан болса да, сізге Интернетке лезде кіруге мүмкіндік береді. Бұл мақалада осы eSIM картасының барлық мүмкіндіктерін пайалануға және сапар кезінде байланаста қалуға мүмкіндік беретін негізгі ақпарат берілген. 
  1. Бұл eSIM картасында телефон нөмірі бар ма? Ия, оның телефон нөмірі бар. Әр халықаралық «Discover+» eSIM картасына халықаралық телефон нөмірі тағайындалған (Австрия кодымен). Сізбен еш мәселесіз байланыса алуы үшін, eSIM картасының телефон нөмірін хабарлаңыз, тиісті ел кодын көрсетіңіз. Егер сізге кіріс қоңырауы немесе SMS (жергілікті және халықаралық) қажет болса, сізге хабарласатын адам Австрия кодын (+43) теруі керек.
  2. Қоңырау шала аламын ба? Ия, сіз телефон қоңырауларын қабылдай және жасай аласыз. Халықаралық «Discover+» eSIM картасы арқылы қоңырау шалғанда, теріп жатқан ел кодын дұрыс енгізгеніңізді тексеріңіз. Мысалы, сіз Жапониядан Филиппиндерге қоңырау шалғалы жатырсыз делік, бұл дегеніміз телефон нөмірінің алдына Филиппиндер кодын (+63) енгізуіңіз керек. Әйтпесе, керек абонентке қоңырау шала алмауыңыз мүмкін.
  3. Мәтіндік хабарлама жібере аламын ба? Ия, сіз мәтіндік хабарларды (SMS) қабылдай және жібере аласыз. Халықаралық «Discover+» eSIM картасынан SMS жіберу кезінде алушының телефон нөмірін ел кодымен бірге жазу керек — осылайша SMS хабарыңыз алушыға кепілдікпен жеткізіледі. Кодты көрсетпесеңіз, хабар жетпеуі мүмкін.
  4. Толтыру пакетін сатып алуға бола ма? Ия, бұл eSIM үшін толтыру пакетін сатып алуға болады. Трафикті, қоңырауларды және SMS хабарларын бірден толтыруға болады, алайда трафикті, қоңырауды немесе SMS хабарын біртіндеп толтыруға болмайды. Келіп түсетін мәтіндік хабарлар (SMS) саналмайды. Пайдаланушының қоңыраулар минуты нөлге жеткенде, кіріс қоңыраулары келмейтін болады. Сондай-ақ бірнеше секундқа созылатын қоңыраулар бір минутқа дейін дөңгелектенеді.
  5. Пайдалану деректерін бақылай аламын ба? Airalo қолданбасында немесе веб-сайтында интернет трафиктерін, қоңырауларды және мәтіндік хабарларды бақылауға болады.
  6. Қандай да бір шектеулер бар ма? Қолдау көрсетілетін елдердің тізімін халықаралық «Discover+» eSIM картасына қатысты өнім туралы ақпарат бетінен көруге болады.
  7. Бұл eSIM картасы eSIM қолдайтын құрылғылардың барлығында жұмыс істей ме? Халықаралық «Discover+» eSIM картасы eSIM қолдауы бар, операторға байланбаған (оның ішінде Apple Watch) құрылғыларда жұмыс істейді.
Сұрақтарыңыз болса, қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз — қуана-қуана көмектесеміз!

Ұқсас сұрақтар

Басқа тақырыптар

Көмек қажет пе?

Бізге хабарласыңыз да, қысқа уақыт ішінде қолдау көрсету орталығының жауабын алыңыз.
Бізге хабар жіберу
© 2021, Airalo
  • x